Шымкентте ​«Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясы өтеді

0
1 370

«Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясынан оза шапқан спикеріне TEDxOrdabasySquare шарасына жолдама беріледі.


Шымкентте ​«Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясы өтеді

Шымкентте Жастар ресурстық орталығында TED-х форматындағы «Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шілде айының 5-ші жұлдызында Жастар ресурстық орталығында TED-х форматындағы «Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясы өтеді.

Конференцияның басты мақсаты: қала жастарының белсенділігін, олардың білім сапасын арттыру. Өз ойын ашық әрі жетік жеткізе алатын аудиторияны даярлау.

ТED-х форматындағы «Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясына қатысушы спикерлер әртүрлі тақырыпта өз ойларымен бөліседі. Онда әр спикерге 18 минут уақыт беріліп, осы уақыт аралығында тыңдаушыларға өз ойларын жеткізетін болады.

2019 жылдың күз мезгілінде TEDxOrdabasySquare өту жоспарлануда. Осыған орай, «Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясынан оза шапқан спикеріне TEDxOrdabasySquare шарасына жолдама беріледі.

Конференция модераторы: Шымкент қаласындағы TED-x конференциясының лицензианты - Айжан Ергешова. Спикерлер қатарында Ерасыл Төлебаев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Нұрсұлтан Байтілес -Шымкент қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы, «Kzhol Shymkent» оңалту орталығы басшысының орынбасары - Айгерім Жұмағалиева, Нұрдаулет Таңірберген – Жастар ресурстық орталығының басшысы, Айна Досқызы әйелдерге арналған «Ажыраспа» блогының авторы.

Аталған іс-шара Шымкент қаласы, Түркістан көшесі №1 үй, Жастар ресурстық орталығы ғимаратында сағат 11:00-де өтетін болады.