​Шымкентте соңғы екі жылда пиротехникалық заттардан зардап шеккендер тіркелмеген

0
932

Өткен жаңа жылдық мереке күндерін қала тұрғындары қауіпсіз өткізген.


​Шымкентте соңғы екі жылда пиротехникалық заттардан зардап шеккендер тіркелмеген

фото: иллюстрациялық

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлердің жүргізген үгіт-насихат жұмыстардың нәтижесі ретінде соңғы 2 жыл ішінде пиротехникалық заттардан зардап шеккен адам тіркелмеген және халықтың арасында қауіпсіздік мәдениеті жоғары екендігін атап өтуге болады.

Бұл туралы ТЖ депарменті өкілдерінің мереке күндері қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша өткізген брифингте айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа жылдық мереке қарсаңында қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында үгіт-насихат және халықтың арасында түсіндірме жұмыстары ірі сауда орталықтарында, базарларда жергілікті атқарушы органдардың, полиция департаменті қызметкерлері және еріктілерді тарта отырып жүргізді.

2019 жылғы 13 желтоқсаннан бастап рейдттік іс-шаралар жүргізіліп, 1885 пиротехникалық заттар тәркіленіп, 7 әкімшілік іс қозғалған. Ал 2018 жылы осы бағытта 17 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 10 әкімшілік іс қозғалып, 283 625 теңгеге айыппұл салынған екен. Рейдтік іс-шара барысында 50 қорап, 2520 пиротехникалық заттарды тәркілеуге алған.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, жаңа жылдық мереке күндері өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген түрде қызмет атқаруға ауыстырылды. 2020 жылғы 1-4 қаңтар аралығында өрт сөндіру бөлімдері 17 рет шыққан. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар болған жоқ.

ТЖ департаменті қызметкерлердің жүргізген үгіт-насихат жұмыстардың нәтижесі ретінде соңғы 2 жыл ішінде пиротехникалық заттардан зардап шеккен адам тіркемегендігін және халықтың арасында қауіпсіздік мәдениеті жоғары екендігін атап өтуге болады.