Шымкентте соңғы тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталды

0
389

27 адам инфекциялық стационарға жатқызылды.


Шымкентте соңғы тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталды

Шымкентте соңғы тәулікте КВИ-дің 77 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 53, белгілері жоқ – 24), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

27 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 50 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 32%. Инфекциялық стационарда 281 науқас, жансақтау бөлімінде 35 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 678 адам вакцина алды (I компонент- 473, II компонент- 205). Егу науқаны басталғалы барлығы 595 946 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 582 347 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 40 418 адам, II компонентін 15 822 адам қабылдады.
Сондай-ақ, 93 907 адам ревакцинацияланды.