Шымкентте стационарлық көмек көрсететін 15 медициналық ұйым бар

0
513

Сонымен қатар, қалада көп бейінді 4 стационар бар.


Шымкентте стационарлық көмек көрсететін 15 медициналық ұйым бар

Шымкент қаласы бойынша стационарлық көмек көрсететін 15 медициналық ұйым бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ал, жалпы төсек-орын саны 3407 құрайды. Сонымен қатар, қалада көп бейінді 4 стационар бар. Оның ішінде қалалық клиникалық ауруханасында 490 төсек орын, №2 қалалық ауруханасында 390 төсек орын, №3 қалалық ауруханасында 210 төсек орын, қалалық балалар клиникалық ауруханасында 315 төсек орын бар.
Сондай-ақ қалада 5 монопрофильді стационар да жұмыс істейді. Шымкент жүрек орталығында 134 төсек орын, қалалық онкологиялық орталықта 231 төсек орын, Т.О.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығында 125 төсек орын, психикалық денсаулық орталығында 435 төсек орын, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 360 төсек орынмен жабдықталған. Сондай-ақ, қалалық онкология орталығында заманауи эндовидеохирургиялық құрылғылырдың орнатылуымен жоғары технологиялық оталар жасалуда. Аталған орталықта 2018 жылдан бастап заманауи эндовидеохирургиялық құрылғылырдың орнатылуымен науқастарға инвазивті емес жоғарғы технологиялық операциялар жасау күнделікті тәжірибеге енгізілуде.
Сонымен қатар, қалада 2 босандыру стационары бар. Оның ішінде қалалық перзентханада - 162 төсек орынмен және қалалық перинаталдық орталық - 165 төсек орынмен жабдықталған. Одан бөлек, 2022 жылы 20 төсек орынға арналған онкгематология бөлімшесі ашылып, қазіргі таңда Шымкент қаласы тұрғындарына жоғары дозалы химио-имунттерапиялық ем жүргізілуде. Шымкент қалалық онкология орталығында 2018 жылдан бастап заманауи эндовидеохирургиялық құрылғылырдың орнатылуымен науқастарға инвазивті емес жоғарғы технологиялық операциялар жасау күнделікті тәжірибеге енгізілуде.
Айта кетейік, Шымкент қаласында Оңалту орталығы бойынша стационарлық көмек көрсететін 4 мекеме бар. Оның ішінде №1 оңалту орталығында – 100 төсек орын, №2 оңалту орталығында – 100 төсек орын, «Мейірім» оңалту орталығы - 130 төсек орын, «Ана мен бала» оңалту орталығы - 60 төсек орынмен жабыдақталған.