Шымкентте «STREET ART FEST» байқауы өтеді

0
1 109

Шымкент қаласының жастары назарына!


Шымкентте «STREET ART FEST» байқауы өтеді

Шымкент қаласындағы Арбат демалыс алаңында «STREET ART FEST» байқауы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылы 2️1️қыркүйек күні Шымкент қаласындағы Арбат демалыс алаңында өтетін «STREET ART FEST» граффити және көше суреттерінің байқауы өтеді.

Аталған байқауға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін әркім өз эскиздерін 8 (702) 509-00-43 нөміріне Whats app әлеуметтік желісі арқылы жіберу керек.

Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры – 300 000 теңге.