Шымкентте студент бесінші қабаттан секіріп кетті

0
1 571

Филология факультетінің 1-курс студенті бүгін күндіз оқу ғимаратының бесінші қабатынан өзін өзі тастап жіберген.


Шымкентте студент бесінші қабаттан секіріп кетті

фото ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде студент қыз бала бесінші қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Филология факультетінің 1-курс студенті бүгін күндіз оқу ғимаратының бесінші қабатынан өзін өзі тастап жіберген. Оқу ордасының студенттерінің айтуынша қайтыс болған студент қыз бала Өзбекстан Республикасының азаматы көрінеді. Бірақ бұл туралы оқу ордасы ешқандай ресми мәлімет берген жоқ. Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Әсел Сәденова студент азаматшаның бесінші қабаттан құлап қайтыс болғанын растады.

"ҚР ҚК нің 105 бабы "Өзін өзі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іске қатысты басқа мәлімет жариялануға жатпайды"-деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.