Шымкентте «Сүндет–2019» – балаларды тегін сүндеттеу акциясы өтеді

0
3 979

Игі іс-шара Асар мөлтек ауданындағы қалалық клиникада жүргізіледі.


Шымкентте «Сүндет–2019» – балаларды тегін сүндеттеу акциясы өтеді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте дәрігерлердің ұйымдастыруымен қалалық клиникалық балалар ауруханасында«Сүндет – 2019» қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

17 тамыз күні Шымкент қаласы Асар мөлтек ауданындағы қалалық клиникалық балалар ауруханасында өтетін акция аясында барлық балаға «циркумзиция» (сүндеттеу) медициналық қызметі тегін көрсетіледі. Ақ халаттылар өткезетін игі іс шара таңғы сағат 09:00 мен түскі сағат 15:00 аралығында аталған клиниканың хирургия бөлімінде өтеді.

Айта кетейік, іс-шарада аурухананың жоғары дәрежелі, тәжірибелі хирургтары қызмет көрсетеді.