Шымкентте тағы 30 адам коронавирус жұқтырды

0
644

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.


Шымкентте тағы 30 адам коронавирус жұқтырды

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 30 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 16 әйел адамнан, 12 ер адамнан және 2 баладан анықталды. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды.
Соңғы мәлімет бойынша, қалада COVID-19 коронавирус инфекциясымен жалпы 1022 адам анықталды, олардың 448-і жазылып шыққан.