Шымкентте тағы бір пәтерден әйел адамның мәйіті табылды

0
634

Қайғылы оқиға 31 қаңтар күні кешкі уақытта болған.


Шымкентте тағы бір пәтерден әйел адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды, деп жазады Экспресс К.

28 жастағы әйелдің мәйіті орталықтағы Ғ.Ілияев көшесі бойындағы көпқабатты үйдің пәтерінен табылған.

Қайғылы оқиға 31 қаңтар күні кешкі уақытта болған.

Болжам бойынша, марқұм ыс тиіп көз жұмған.

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ өкілдерінің айтуынша, мекеменің апат қызметіне Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметі хабарлаған. Оқиға орнына барған мамандар пәтерде газ құрылғысында ақау барын анықтапты. Яғни пәтердің ас үй бөлмесінде оттық газ плитасы мен су жылытқыш құрылғысы орнатылған. Су жылытқыштың мұржасы мен түтін шығаратын құбыр талапқа сай орнатылмапты. Бұдан өзге желдету жүйесі құбыры да болмаған.

Аталған оқиғаға қатысты Шымкент қаласы Полиция Департаментіндегілер қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын хабарлады.