Шымкентте тағы да әкім ауысты

0
3 987

Үшінші мегаполиске жаңа әкім келді.


Шымкентте тағы да әкім ауысты

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Шымкент қаласының әкімі болып Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұрат Әйтенов 1981 жылы туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» және заңтану.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.
2006-2008 ж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.
2008-2010 ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.
2010-2012 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
2013-2016 ж. - ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.
2016-2019 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарса,

2019 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.