Шымкентте тағы да біршама автобустардың бағыты өзгереді

0
865

Қазиев көшесінен Арғынбеков көшесіне бұрылатын №92 маршрут енді Тынышбай ата көшесі арқылы Байтұрсынов көшесімен жүреді.


Шымкентте тағы да біршама автобустардың бағыты өзгереді

Шымкент қаласында Арғынбеков-Бәйдібек би көшелері қиылысындағы жолайрық құрылысына сәйкес, №92, 104, 141, 146 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазиев көшесінен Арғынбеков көшесіне бұрылатын №92 маршрут енді Тынышбай ата көшесі арқылы Байтұрсынов көшесімен жүреді.
Ал Бәйдібек би көшесі арқылы Байтұрсынов көшесіне бұрылатын №104 автобус қазір Рысқұлов көшесі арқылы Байтұрсынов көшесіне бұрылады.
Ал Қазиев көшесімен Арғынбеков көшесіне бұрылып тіке жүретін 141 және 146 бағыттың жол сызбасы алдағы уақытта Рысқұлов көшесімен Бәйтереков көшесі арқылы Арғынбеков көшесіне түседі.