​Шымкентте тал түсте біреудің алтын алқасын жұлып алып кеткен күдікті ұсталды

0
1 710

Күдікті екі рет шабуыл жасап, әйелдердің алтын алқасын жұлып алып қашып кеткен.


​Шымкентте тал түсте біреудің алтын алқасын жұлып алып кеткен күдікті ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының полицейлері бір аптада екі адамның алтын алқасын ашық түрде шабуыл жасау арқылы тартып алып кеткен күдіктітіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы көшелердің бірінде күндізгі уақытта белгісіз тұлға азаматшаға ашық түрде шабуыл жасап, мойнындағы құны шашамен 100 мың теңге тұратын алтын алқасын жұлып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Бірнеше күн өте күдікті басқа адамнан құны шамамен 160 мың теңге тұратын алқаны ашық түрде жұлып алып, қашып кеткен.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған күдіктіні ұстады.

Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 191-бабы «тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз:

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі