Шымкентте талантты оқушыларды анықтайтын республикалық байқау өтті

0
502

Оқушылардың арасында өткен байқауға қалалық кезеңіне 75 мектептен 237 оқушы қатысты.


Шымкентте талантты оқушыларды анықтайтын республикалық байқау өтті

Бүгін Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «Менің кіші Отаным» атты IV республикалық интеллектуалдық байқауының қалалық кезеңі офлайн форматта өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Байқаудың мақсаты туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамыту. Олардың бойында патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен бірге тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту.
Оқушылардың арасында өткен байқауға қалалық кезеңіне 75 мектептен 237 оқушы қатысты. Байқау қазақ және орыс тілдерінде, Қазақстан тарихы пәнінен тест түрінде өткізіліп, ZOOM платформасы арқылы бейнебақылаумен бақыланды және мектеп әкімшіліктеріне тікелей эфирде олимпиада барысын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік жасалынды.
Байқаудың қорытындысы бойынша оқушылардың жұмыстары шифрланып, www.daryn-shymkent.kz веб-сайтына жүктелді.