​Шымкентте тамақ өнеркәсібі ашылады

0
2 729

Жалпы инвестициялық құны 100,2 млрд. теңгені құрайтын 102 жоба жүзеге асырылды.


​Шымкентте тамақ өнеркәсібі ашылады

Шымкенттің «Қайнар бұлақ» тұрғын алабында 178 га алаңды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпкерлік кеңесінің отырысында айтты.

- Бүгінде индустриалды аймақта жүзеге асатын құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаның өтінімдері қабылданды. Яғни, биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салужәне сүт өндіру зауытын салу жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда, - деді қала басшысы.

Бүгінгі таңда қалада «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақ пен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жемісті жұмыс істеп келеді. Оларда жалпы инвестициялық құны 100,2 млрд. теңгені құрайтын 102 жоба жүзеге асырылған.

Бұдан бөлек, Шымкентте жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда. Жаңа аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылады.

Жалпы алаңы 136 га құрайтын «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Аталған агро-индустриалды аймақтаөнеркәсіптік жылыжайлар мен ауыл шаруашылық саласындағы жобалар жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда, құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асыру жоспарланған.