Шымкентте тәрбиешілер аутизмі бар баланы “алма сұрағаны” үшін ұрған

0
591

Баласының қолындағы жараларын көріп, анасы бақылау камераларынан видео сұраған.


Шымкентте тәрбиешілер аутизмі бар баланы “алма сұрағаны” үшін ұрған

Шымкентте тәрбиешілер аутизмі бар баланы қорлаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент тұрғыны аутизмі бар 14 жастағы ұлына балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қатыгездік танытатынын мәлімдеді. Баласының қолындағы жараларын көріп, анасы бақылау камераларынан видео сұрап, тәрбиешілердің ұлына қандай қарым-қатынас жасайтынын өз көзімен көрген.

Видеода тәрбиеші мүгедек балаларға арналған Шымкент орталығының бір тәрбиеленушісін ұрып-соғып, итеріп жібергендігі түсірілген. Бейнебақылау кадрларында күтушінің балаларға тәттілер таратқаны көрінеді, бірақ 14 жастағы Диас Тұрсыновқа печенье жетпей қалған. Аутизмі бар бала тәрбиешіден печенье сұрауға тырысады, бірақ жауап ретінде оны ұрып-соғады. Содан кейін укол салынады. Баланы видеоға түспейтін жерге бөлменің бұрышына апарады. Онда не болып жатқаны белгісіз.

Содан соң видеоға баланы психолог итеріп жатқанын көреміз. Баланың анасы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында осындай тәрбие беретінін хабарлады. Анасы бұл жағдай бір рет қана болмағанын айтады.

“Кеше түске дейін мен балама үш алма, құрма және манты апардым. Балам алма беруді сұраған, ал тәрбиеші шкафты жауып тастаған. Бала сұрай берген, сұрай берген, содан соң тәрбиеші баланы ұрып тастаған”, – дейді баланың анасы Сәуле Сәтпаев.


13 қазанда Қазақстанда мүгедектер күні аталып өтті. Баланың анасының айтуынша, оның баласы бұл күнді жалғыз бөлмеде қамалып өткізген, ол ертеңгілікке қатыспаған.

Анасы баласының агрессивті екеніне сенбейді. Орталық қызметкерлері баланың психологты тістегенін айтады. Бірақ оған дәлелдер келтіре алмаған. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін балалар орталығының басшысы еңбек демалысында. Ол оқиға туралы енді ғана білгенін хабарлаған.

“Бұл сұмдық жағдай, бұған жол беруге болмайды, барлық шаралар қабылданатын болады. Бұл немқұрайлық қана емес, сонымен бірге бала құқығын бұзу. Органдарға барлық тиісті өтініштер жасалады және заң шеңберінде барлық шаралар қабылданатын болады”, – дейді Шымкент қаласының № 6 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының жетекшісі Камила Ауанасова.

Баланың анасы арнайы орталыққа жүгінгеннен кейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан тексерушілер келді. Олар бұзушылықтарды тапты ма, жоқ па әлі белгісіз. Нәтижелер әлі жарияланған жоқ.