Шымкентте тәртіп бұзғандарға 5,1 млн. теңге айыппұл салынды

0
2 496

Тексеру барысында 227 заң бұзушылық анықталды.


Шымкентте тәртіп бұзғандарға 5,1 млн. теңге айыппұл салынды

Өткен жылы еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты 204 тексеру жүргізіліп, 1207 арыз-шағым түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тексеру барысында 227 заң бұзушылық анықталды. Нәтижесінде тәртіп бұзғандарға 5,1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан өзге 66 кәсіпорында 441 жұмыскердің 66,71 млн.теңге көлеміндегі қарызы өтелді.

Кәсіпорындардың 2-інің жұмысы тоқтап, тағы 2 нысанның басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотты болуына байланысты жұмысшылардың айлық жалақысы толық төленбеген.

Жұмыскерлердің жалақыларын уақытылы және толық төлемеу бойынша орын алған заң бұзушылықтар мемлекеттік еңбек инспекциясының тұрақты бақылауында.