Шымкентте тасымалды су тұтынатын елдімекендер мәселесі толығымен шешіледі

0
344

Өткен жылы тасымалды су ішетін 7 елдімекеннің мәселесі толығымен шешілді.


Шымкентте тасымалды су тұтынатын елдімекендер мәселесі толығымен шешіледі

Бүгінде мегаполистегі 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елдімекен суды кестемен (Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ) тұтынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылы тасымалды су ішетін 7 елдімекеннің мәселесі толығымен шешілді.

Бұл жылы 4 нысанның (Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 2кезек, Нұртас ВС) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңында 11 мыңнан астам құрсайлық сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
Одан бөлек, биылға Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс аумақтары мен Текесу елдімекенінің ішкі жүйелерін қайта құру жұмыстарын жүргізу қаралған. Нәтижесінде қаланың ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98-ден 99 пайызға өседі.
Ал, Сайрам мен Қайнарбұлақта құрылыс жұмыстары биыл басталып, келер жылы толығымен аяқталады. Нәтижесінде ауыз сумен қамтамасыз етудегі 100 пайыздық көрсеткіш орындалады.