Шымкентте «Тәуелсіздік және ұлттық рух» атты ашық есік күні өтті

0
507

Мерекелік іс-шараға арнайы көрме ұйымдастырылды.


Шымкентте «Тәуелсіздік және ұлттық рух» атты ашық есік күні өтті

Бүгін Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – «Жұлдызды 30 күн» жобасы аясында «Тәуелсіздік және ұлттық рух» атты ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекелік іс-шараға арнайы көрме ұйымдастырылып, мерекеге сай безендендірулер жүргізілді.

Іс-шараға арнайы зиялы қауым өкілдері Б.Тіленшина, С.Олжабай, А.Бейбітбек, А.Мұратәлиева қатысып, Тәуелсіздік туралы өз ой-толғаныстарымен бөлісті. Сондай-ақ «Парасат», «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі, Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицей, Ақпан батыр атындағы №10 мектеп оқушылары және «Алтын дән» балабақша бүлдіршіндері кешті жандандырып, Тәуелсіздікке жыр-шашуларын тарту етті.

Кеш барысында жан тебірентерлік әндер мен саксафондағы әуендер кеш қонақтарына керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кешті қорытындылаған кітапхана директоры Раушан Бабажанқызы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, белсенді ұстаздар мен оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.