Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында төрт көше пайдалануға берілді

0
430

Абай ауданында жыл соңына дейін тағы осындай 7 көше пайдалануға берілетін болады.


Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында төрт көше пайдалануға берілді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Абай ауданы аумағындағы шағынаудандарда жаңа көшелер ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда Қызылжар шағын ауданындағы Дәстүр, Ақтансай, Яссауи және №10 көше тұрғындары қуанышқа кенелді.

Мерекелік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Занкоев Есімжан қатысып, тұрғындарды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
"Ағымдағы жылы көшемізге асфальт төселіп, тұрғындардың көтерген мәселелері шешілгеніне қуаныштымыз", - деді көше тұрғындары.

Айта кетейік, Абай ауданында жыл соңына дейін тағы осындай 7 көше пайдалануға берілетін болады.