Шымкентте тазалық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр

0
419

Бұл бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады.


Шымкентте тазалық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еңбекші ауданы аумағында мердігер мекеме «Югдорсервис» ЖШС орталық көшелердің санитарлық тазалау жұмыстарын кестеге сәйкес атқаруда.
Атап айтқанда, Т.Рысқұлов, Ш.Уәлиханов және Елшібек батыр көшелеріндегі ирригациялық арықтар мен аяқ жолдар, аялдамалар аумақтарында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Аталған жұмысқа 17 техника мен 85 жұмысшы жұмылдырылған.
Бұл бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады.