Шымкентте тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр

0
300

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да үздіксіз жүргізілетін болады.


Шымкентте тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, 11, 12, 13, 15, 16, 17, 18 шағынаудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы, ирригациялық арықтары, балалар алаңшалары, қоқыс жәшіктері, ішкі орам жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары тазалануда.

Аталған жұмыстарға “ЛТД Тұрмыс” ЖШС және “Боракбаев" ЖК тарапынан жалпы 105 жұмысшысы, 10 техника жұмылдырылған.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да үздіксіз жүргізілетін болады.