​ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІКСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

0
277

Кәсіпкерлер қала тұрғындарына 189 тонна жеміс түрлері мен кептірілген жемістерді, 85 тонна бақша өнімдерін, 248 тонна көкөніс өнімдері мен 8 тонна бал ұсынды.


​ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІКСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

Бүгін Шымкентте Тәжікстанның мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, қазақ-тәжік ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылаған болатын. Сондай-ақ сауда-экономикалық, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Мәдениет күндерінің аясында ұйымдастырылған “Көрме” орталығында өткен Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесіне арнайы қатысты. Делегацияны Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Хакимзада Құрбан бастап келді.
Кәсіпкерлер қала тұрғындарына 189 тонна жеміс түрлері мен кептірілген жемістерді, 85 тонна бақша өнімдерін, 248 тонна көкөніс өнімдері мен 8 тонна бал ұсынды. Сонымен қатар 13 тонна өнеркәсіп өнімдерінің арасында газды және газсыз, энергетикалық сусындар, шырындар, консервіленген жемістер мен көкөністер, кондитерлік өнімдер бар.
“Бүгінде Тәжікстан Шымкенттің сенімді сауда серіктесі болып табылады. Қаладан көрші елге өсімдік майлары, минералды тыңайтқыштар, макарон өнімдері, сабын, киім және де басқа тауарлар экспортталады. Экономикалық ынтымақтастық пен сауда қатынастарын кеңейту мақсатында біз инвестициялар мен өзара саудаға қатысты мәселелерді талқылауға дайынбыз.
Бүгінгідей іс-шаралар ортақ келісімдерге жол ашып, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа серпін береді деп санаймын. – деді қала әкімі.
Айта кетейік, Шымкентте сыртқы сауда айналымы соңғы 5 жылда 12 млн. АҚШ долларынан 37 млн. АҚШ долларына дейін 3 есе өскен. Алдағы уақытта сауда айналымын ұлғайтуда үлкен мүмкіндіктер бар. Елімізде тәжік-қазақ қатынастары бүгінде ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша қарқынды дамып келеді. Бүгінде екі ел арасында сауда-эконо¬микалық ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өзара тауар айналымын ұлғайту, инвестиция тарту, өнеркәсіп коо¬перациясын арттыру, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелеріне басымдық беріліп отыр.
Айта кетейік, Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері аясындағы көрші ел кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының жәрмеңкесі Қажымұқан стадионында жалғасуда. Жәрмеңкеде анар, алмұрт, алма, кептірілген жемістер, бақша өнімдері сатылуда. Сондай-ақ қала халқына қауын, қарбыз,асқабақ, бал өнімдері ұсынылуда.
Сусындар мен шырындар, консервіленген жемістер мен көкөністер, кондитерлік өнімдерге де сұраныс зор.

Тұрғындар орталық стадионға көптеп жиналып, Тәжікстанның ұлттық тағамдарымен танысып, дәм татып, тәжік халқының өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.