Шымкентте «Театр көктемі - 2024» фестивалі өтуде

0
118

Фетивальдың шымылдығын Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры «Дариға жүрек» қойылымымен ашты.


Шымкентте «Театр көктемі - 2024» фестивалі өтуде

Бүгін Шымкентте «Театр көктемі - 2024» қалалық кәсіби театрлар фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Фестивальге қаламыздағы алты театр өздерінің танымал қойылымдарымен қатысуда. Іс-шараның алғашқы күні Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Жұмат Шаниннің ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы келіп, барша әртістерді халықаралық театр күнімен құттықтап, сәттілік тіледі.

—Қаламыздың дамуында театрлардың алатын рөлі зор. Сондықтан да кәсіби театрларды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, сәттілік тілеймін. Кәсібилік бар жерде өсу бар, ой саларлық қойылымдарымен көрермендерді қуантып жүрген театрларымызға шығармашылық табыс тілеймін. Еліміздің руханиятына өз үлесімізді қоса берейік, - деді С.Құранбек.
Фестивальға Шымкент қалалық орыс драма театры, қуыршақ және жасөспірімдер театры, өзбек драма театры, әзіл-сықақ және сатира театры, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры қатысып отыр. Фетивальдың шымылдығын Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры «Дариға жүрек» қойылымымен ашты.
Айта кетейік, ертең фестиваль қойылымдармен жалғасып, сарапшы мамандардың номинацияларымен марапатталады.
«Шымкент келбеті»