Шымкентте тіл туралы заң талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жүргізілді

0
276

30-дан астам кәсіпкерлік нысан араланып, кемшілік орын алған 12 нысан әкімшілігіне ескерту берілді.


Шымкентте тіл туралы заң талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жүргізілді

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң талаптарының сақталуы бойынша құрылған мониторингтік топ жоспарға сәйкес нысандарды аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш топ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізді.
Олар аудан аумағындағы «Нұрсәт» тұрғын алабында орналасқан кәсіпкерлік нысандар мен қоғамдық тамақтану орындарында болды. 30-дан астам кәсіпкерлік нысан араланып, кемшілік орын алған 12 нысан әкімшілігіне ескерту берілді. Сондай-ақ, 10 күн мерзім ішінде кемшіліктерді ретке келтіру бойынша тапсырма берілді. Жалпы аудан аумағында 939 кәсіпкерлік нысан орналасқан.
Тексеру жұмыстарының барысында ҚР «Тіл туралы» заңының 21- бабында көрсетілген талаптарға сай келмейтін бірқатар көрнекі ақпарат мәтіндері анықталды. Кемшіліктер анықталған мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, барлық сауда орындарында екі тілде қызмет көрсету, олардың маңдайшалары мен мәзірлерінің Заң талаптарына сәйкестендіру керектігі түсіндірілді.