Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 100-ге жуық адам жауапқа тартылды

0
528

Оның 47-і қамауға алынды.


Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 100-ге жуық адам жауапқа тартылды

Шымкент қаласында жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап комендаттық сағатты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 83 құқық бұзушы тартылды. Оның 47-і қамауға алынды.
Сонымен бірге, тәулік бойы қаладағы 7 блокбекетте күдікті адамдарды және тыйым салынған заттарды анықтау үшін көлік құралдарының қозғалысы тексеріліп жатыр. Блокпосттарда 12 540 автокөлік тексерілді. Нәтижесінде тәртіпсіздікке қатысқан 8 адам ұсталды. Көлікті қарау кезінде 1 газ тапаншасы тәркіленді.