​Шымкентте трактор мен жеңіл көлік соқтығысынан 4 адам қаза тапты

0
1 766

Тағы 4-еуі ауруханада жатыр.


​Шымкентте трактор мен жеңіл көлік соқтығысынан 4 адам қаза тапты

иллюстрациялық фото

Шымкентте трактор мен жеңіл көлік соқтығысынан төрт адам мерт болып, тағы 4-еуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Шымкенттегі Ақтас ауылының тұсында болған. Жеңіл көлік трактордың тіркемесіне соқтығысқан.

Шымкент қалалаық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында үш жолаушы көз жұмған, олардың біреуі 9 жастағы жасөспірім. Алған жарақатынан төртінші адам аурухана төсегінде жан тәсілім еткен. Қалғандары қалалық №1 ауруханада жатыр.