Шымкентте "Тəуелсіз елдің жастары" атты республикалық жас ақындар айтысы өтті

0
1 604

Жеңімпаз айтыскерге 1 млн. теңге қаржылай сыйлық табысталды.


Шымкентте

Шымкент қаласында "Тəуелсіз елдің жастары" республикалық жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ұйымдастырылған жас ақындар айтысының жеңімпазы шымкенттік Нұрғали Әнапия атанды. Тиісінше, көп ішінен дараланған айтыскерге 1 млн. теңге қаржылай сыйлық табысталды.

Сондай-ақ, 1-орынды Шығыстан келген Айшолпан Тілеутай (700 000 теңге), 2-орынды ақмолалық Дәурен Ысқақ (500 000 теңге), сонымен қатар қос 3-орынды Отырардан келген Дәурен Ақсақалов (300 000 теңге) пен елордалық Аян Ниязбек (300 000 теңге) иеленді.

Одан бөлек, жыр додасына қатысқан барлық ақындарға 100 000 теңгеден сыйлық берілді.