Шымкентте тұрғын үйлерді залалсыздандыру күшейтілді

0
759

Заласыздандыру жұмыстары кестеге сәйкес күнделікті жалғасатын болады.


Шымкентте тұрғын үйлерді залалсыздандыру күшейтілді

Шымкентте дезинфекциялау жқмыстары күшейтілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық орындар мен көшелер, тұрғын үйлердің аулалары тұрақты түрде дезинфекциялануда.

Бүгін залалсыздандыру жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағындағы А.Байтұрсынов, К.Тоқаев, Ғ.Иляев, Тәуке хан, Түркістан, Т.Әлімқұлов, Т.Орынбаев, І.Есенберлин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жүргізілді.

Аталған жұмыстар кестеге сәйкес күнделікті жалғасатын болады.