Шымкентте тұрғындарға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтеді

0
1 372

Жәрмеңкеге келушілерге мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіледі.


Шымкентте тұрғындарға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтеді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала әкімдігімен бірлесе отырып өткізетін шарада қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы түсініктеме жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 6 қыркүйегі күні сағат 17:00-де Шымкенттегі «Арбат» демалыс аймағында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала әкімдігімен бірлесе отырып мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін өткізеді.

Аталған жәрмеңкеде қала әкімдігінің басқармалары, ХҚКО мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы түсініктеме беретін болады. Сонымен қатар, жәрмеңкеге келушілерге мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіледі.