Шымкентте туристік нысандарға бағыттайтын 26 стела орнатылған

0
619

Eлдегі эпидемияға байланысты карантин режимі кезінде туристердің келу көрсеткіші төмендеген


Шымкентте туристік нысандарға бағыттайтын 26 стела орнатылған

Шымкент қаласы туризм саласының даму бағыты бойынша биыл қала аумағындағы 7 нысанға үш тілде қызмет көрсететін ақпараттық дүңгіршектер орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар тамыз айынан бері туристік нысандарға бағыттайтын 26 навигациялық стела қойылған.
Шымкент қалалық Туризм басқармасының хабарлауынша, қалған 4 стела қараша айының соңына дейін орнатылады. Ондағы мақсат - қала қонақтарына қолайлы жағдай жасау. Бір айта кетерлігі, елдегі эпидемияға байланысты карантин режимі кезінде туристердің келу көрсеткіші төмендеген. Дегенмен Шымкент қалалық Туризм басқармасы келушілер санын арттыруды жоспарлауда.
Айта кетейік, 2019 жылы Шымкент қаласына 249 313 турист келген