Шымкентте түркиялық профессор науқастарды қабылдайды

0
601

Дәрігер 20-21 желтоқсан күндері қалалық №2 ауруханада қабылдау өткізеді.


Шымкентте түркиялық профессор науқастарды қабылдайды

ERNUR.KZ. Түркиялық профессор шымкентік дәрігерлермен тәжірибе бөлісіп, науқастарды қабылдайды.

Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Түркиялық профессор, нейрохирург дәрігер Саит Өзтүрік Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келеді.
Әлемдегі ең үздік мамандардың бірі шымкенттік дәрігерлерге неврологиялық ауруларды емдеудің жаңа әдістерін және тәжірибесін бөліседі.
Шетелден келетін дәрігер 20-21 желтоқсан күндері қалалық №2 аурухана мамандарымен бірге эпилепсия, бас ми ісігі, паркинсон, басқа да неврологиялық аурулар бойынша науқастарды қабылдап, консультация береді.
Саит Өзтүрік науқастарды қаладағы №2 аурухана базасында қабылдайды.