​Шымкентте тұрмыстық жемқорлықты жою қолға алынды

0
1 244

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тарапынан Заң бұзушылықтарға жол берген қызметшілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады.


​Шымкентте тұрмыстық жемқорлықты жою қолға алынды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Амантайұлы Көмекбаевтың төрағалығымен Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысы Шымкент қаласында орналасқан бірқатар мемлекеттік орган басшыларының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуында өтіп, онда Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары және кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді.
Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу керектігі тапсырылған.
Алайда, жүргізілген талдау нәтижесімен кейбір мемлекеттік органдар өздеріне тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде көрсетуге мүмкіндігі болса да, «тікелей» мемлекеттік орган арқылы көрсететіні анықталған.
Осыған байланысты, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында заңнаманы бұзудың профилактикасы және мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша Шымкент қаласының білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және ветеринария, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармалары басшыларының атқарған жұмыстары тыңдалды.
Нәтижесімен азаматтар мен шенеуіктердің тікелей қарым - қатынасы сыбайлас жемқорлықтықтың пайда болуына жағдай жасайтыны түсіндіріліп, мекеме басшыларына бұзушылықтарды алдын алу және электронды түрде қызмет алу үлесін арттыру бағытында тиісті тапсырмалар берілді.
Осы ретте, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тарапынан Заң бұзушылықтарға жол берген қызметшілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.