Шымкентте қарындасы ағасына бір бүйрегін берді

0
1 720

4 сағатқа жуық жасалған ота сәтті шықты.


Шымкентте қарындасы ағасына бір бүйрегін берді

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрған 48 жастағы азаматқа қарындасы донор болды. Дәрігерлер 34 жастағы азаматшаның бір бүйрегін хирургиялық жолмен алып, ағасына қондырды. 4 сағатқа жуық жасалған ота сәтті шықты.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкентте 800 науқас бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен кезекте тұр. Карантинге байланысты трансплантация тоқтатылған еді. Тек қыркүйек айынан бастап қайта жалғасып, қазіргі таңға дейін 6 науқасқа ота жасалды.
Жалпы Шымкентте 2013 жылдан бері мұнда 166 бүйрек алмастыру операциясы жасалған.