Шымкентте үш су арнасы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

0
329

Жөндеу жұмыстарына 27 техника 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.


Шымкентте үш су арнасы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

Шымкент қаласында 3 су арнасы күрделі жөндеуден өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласы аумағында жалпы саны 34 су арнасы 2 өзен бар. Соның ішінде қазір 3 су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға жақын. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда.

Қазіргі таңда «Көк», «Сай ниже водопада» және «Чумчак» су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 80%-ы орындалып, жыл соңына дейін толықтай аяқталмақ.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Чумчак, Сай ниже водопада және Шапырашты су арналарына жауапты мердігер мекемеден 27 техника 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Аталған су арналарының жөндеу жұмыстары аяқталған соң шаруаларға су беру маусымын бастау жоспарланып отыр.

Мердігер мекеме басшылары 1 мамырға дейін жұмыстың 85 пайызы орындалатынын жеткізді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілді.Атап айтсақ, Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ұлық, Ұлық-2, Қызылсу, Құралас, Ханка су арналарын қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде осы су арналарынан күніне 45 куб, 10 күнде 450 куб тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстар шығарылды. Тазалық жұмыстарына арнайы бригадалар мен техникалар жұмылдырылды.

Сондай-ақ, күз және қыс мезгілдерінде жауын-шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су арналары мен өзендердің санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілді. Жауын-шашын мөлшерінің су арнасының деңгейінен асып кетпеуі үшін қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары мен жауапты мердігер мекеменің қатаң бақылауында.