Шымкентте үздік тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

0
1 582


Шымкентте үздік тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Шымкенттегі «Көрме орталығында» «Өңірлік өнімдері-2019» атты үздік тауарлардың көрме-жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көрме-жәрмеңкені Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова , Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шымкент филиалының директоры Нұрлан Қабиштаевтар салтанатты түрде ашып берді.

Өңірлік байқауға Шымкент қаласының бастаушы және танымал отандық тауар өндірушілері қатысты. Көрме-жәрмеңкеде өңірімізде өндірілетін азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларының өнімдері ұсынылды.
Көрмеге алғаш рет ондаған жаңа компаниялар қатысты. Олардың ішінде «Newtechnology ЛТД» Kazgenerators (дизельді газ генераторлары, күн панельдері, компрессорлар, мотопомпалар, су жылытқыш), «Vacuummatic» ЖШС (азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін өндіру және қайта өндеу үшін жабдықтар өндірісі), «Увадуллаев» ЖК (кофе 3 в 1), «Аль Абай» ЖШС (хоз. сабын), ЖК «Нормухамедов Р.Т»(мед), «СП Lux Shoes» ЖШС (Аяқ киім), «Шымкент Кашемир» ЖШС (тоқыма), «Mgroup KZ»ЖШС (бетон), «Pallant Tradecompany» ЖШС (консервіленген өнім), «Asia Trafo» ЖШС (трансформаторлар), «Aqua Rossa» ЖШС (минералды су және сусындар), «Protect KZ» ЖШС (қаптайтын тастар), «Петухова» ЖК (раковиналар, қайықтар, вантуз).
Іс-шара аясында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті.