Шымкентте вакцина салдырмаған оқушылар онлайн оқиды - жаңа қаулы

0
681

ЖОО мен колледждер аралас оқыту форматында оқиды.


Шымкентте вакцина салдырмаған оқушылар онлайн оқиды  - жаңа қаулы

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулыға сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін ас беруді өткізуді қоспағанда, ашық ауада да, жабық үй-жайларда, оның ішінде үйде де отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, және т.б), көпшілік іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынады.


Сонымен қоса, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), сенбі жексенбі күндерден басқа күндері қалыпты режимде істейді. Ал ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер қалыпты режимде қызмет атқарады.


Мектептерде қашықтықтан оқыту форматында. Вакцинацияланған, вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған оқушылар мен студенттерді оқу орнының әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі. ЖОО мен колледждер аралас оқыту форматында яғни барлық дәрістер онлайн, практикалық зертханалық және семинарлық сабақтар икемді кесте бойынша штаттық форматта өтеді.



Осы қаулы 2022 жылғы 15 қаңтардан бастап күшіне енеді.