Шымкентте велосипедшілер жолы салынып жатыр

0
730

Қалада Республика даңғылы, А.Асқаров, Жангельдин, Түркістан, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов көшелеріне велосипедшілер жолы салынып жатыр.


Шымкентте велосипедшілер жолы салынып жатыр

Шымкент қаласында соңғы 9 айда 225 нысан немесе 260 шақырым жол жөнделіп бітті. Жыл соңына дейін тағы 15 нысан (44,9 шқ.) пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл автомобиль жолдарын жөндеуге 261 нысан, яғни 416,8 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралған. Бұл қаржыға 15 нысанға құрылыс жұмыстары, 10 нысанға қайта құру, 6 нысанға күрделі жөндеу, 225 нысанға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 15 нысанға жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.
Сонымен қатар Республика даңғылы, А.Асқаров, Жангельдин, Түркістан, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов көшелеріне велосипедшілер жолы салынып жатыр.