Шымкентте ветеринарлық бақылау кәсіпкерге инкубациялық жұмыртқа әкелуге рұқсат бермеген

0
567

Антикор департаменті аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясына ұсыныс хат жолдады.


Шымкентте ветеринарлық бақылау кәсіпкерге инкубациялық жұмыртқа әкелуге рұқсат бермеген

Шымкентте ветеринарлық бақылау 200 мың инкубациялық жұмыртқа әкелуге рұқсат бермеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне Түркиядан 200 мың дана инкубациялық жұмыртқа әкелуге ветеринарлық сертификат ала алмаған кәсіпкер жүгінген.

Тауарды әкелуге рұқсатты рәсімдеу кезінде ақпараттық жүйе алушының нақты мекенжайын автоматты түрде анықтаған, ал жүк екінші мекенжайға, яғни Шымкент қаласына арналған болатын. Соның салдарынан экспорттаушы ел бастапқы ілеспе құжаттарда қате деректерді көрсеткен.

Ветеринариялық бақылаудың аумақтық инспекциясы барлық мән-жайларды зерттемей, ветеринариялық сертификат беруден бас тартқан.

Антикор департаменті аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясына ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде сертификат беріліп, кәсіпкер өзінің заңды кәсіпкерлік қызметін жалғастырды.