Шымкентте ВИЧ жұқтырған 600-ден астам әйел өмірге дені сау ұрпақ әкелген

0
327

Бұл туралы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары мәлімдеді.


Шымкентте ВИЧ жұқтырған 600-ден астам әйел өмірге дені сау ұрпақ әкелген

Шымкент қаласында АИТВ жұқтырған 646 әйел өмірге дені сау ұрпақ әкелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары мәлімдеді.

Салаға жауаптылардың сөзінше, инфекция жұқтырған аналар мен балалар қоғамға қауіпті емес.

Шымкентте ВИЧ жұқтырған 600-ден астам әйел босанған. Орталықта тіркеуде тұратын азаматшалардың барлығы дені сау сәбиді дүниеге әкелген. Инфекция жұқтырған аналардың балаларын дәрігерлер бір жылдан кейін ғана есептен шығарып, диагноз қояды.
Мамандардың мәліметінше, ВИЧ-ке шалдыққандардың басым бөлігі жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар. Өкініштісі сол, инфекция жұқтырғандар ауруын мойындамай, ем жасауға қарсылық танытады. Бірақ АИТВ инфекциясын жұқтырғандар дер кезінде ем алса, өмір сүру ұзақтығы дені сау адаммен бірдей болады дейді мамандар.
АИТВ адам ағзасын әр түрлі инфекциядан қорғайтын иммунды жүйені зақымдайды. Біз АИТВ инфекциясын емдеуде ДДҰ ұсынған хаттамаларды қорлданамыз. Дертке шалдыққан адамның өмірін дәрі беру арқылы ұзартуға болады. Егер дәрі ішіп, уақытылы ем алса өмір ұзақтығы табиғи сау адамен бірге созылуы мүмкін: Сондай-ақ дені сау бала әкеле алады,- дейді Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов.
АИТВ инфекциясы бар азаматтарға ЖИТС орталықтарында емдеу жұмыстары тегін жүргізіледі.
Айта кетейік, республикалық бюджет есебінен 2025 жылға дейін 200 төсек-орынды перзентхана салынады. Бұл №1 перинаталдық орталықтың жүктемесін азайтып, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Орталықтың іргетасы Ақжайық шағынауданында қаланады. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін қалада 6 емхананың қажеттілігі туындайды. Нысандар құрылысына инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.