Шымкентте зақымдалған газ құбыры жөнделіп жатыр

0
790

1845 тұтынушы газдан ажыратылды. Кешке дейін қалпына келтіріледі деп күтілуде.


Шымкентте зақымдалған газ құбыры жөнделіп жатыр

“ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ ШӨФ хабарлайды!

21 қараша күні Шымкент қаласы Сәуле шағын ауданында Қонаев көшесінің жалғасының құрылысы барысында “АрысҚұрылыс” ЖШС мердігер мекемесіне тиесілі арнайы техниканың қатысуымен Ду-325 мм жоғарғы қысымды газ құбыры зақымдалғандығын ескертілген болатын.
Апат салдарынан 1845 тұтынушы газдан ажыратылды.
Қалпына келтіру жұмыстарын “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ ШӨФ тарапынан 22.11.2023 ж. басталды. Жұмыстарға 2 техника және мамандар жұмылдырылды. Газ құбырын үрлеп толтыру және тұтынушыларды қайта газбен жабдықтауды күн соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Тұтынушылар газ крандарын жауып Филиал мамандарына газ жабдықтарының қол жетімді болуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.
ГАЗ иісі байқалғанда 104 нөміріне хабарласу қажеттігін хабарлайды ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ ШӨФ.