Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

0
466

03 және 17 мамыр аралығында жүргізілетін болады.


Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

Шымкентте көктемгі кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 03 және 17 мамыр аралығында жүргізілетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ағымдағы жылдың көктем және күз мезгілдерінде 33 504 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктердің аумағын, 2 272 680 шаршы метр өзендер мен каналдар аумағын залалсыздандыру жұмыстары жоспарлануда.
Аталған жұмыстар көп қабатты тұрғын үйлердің қоқыс-жәшіктеріне, өзен-каналдар аумағына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Ал жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысан иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті. 2022 жылы кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 9 916,6 мың теңге қаржы қаралған.