Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізген кәсіпкерге айыппұл салынды

0
2 458

Құрылыс алаңына уақытша қоршау орнатылды.


Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізген кәсіпкерге айыппұл салынды

«Шымкент сити» шағын ауданында салынғалы жатқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жақында тұрғындар құрылысы жүріп жатқан нысанда қоршаусыз жер қазылып, қауіпсіздік шаралары сақталмағаны туралы қала әкімдігіне шағымданған болатын.
Құрылысты жүргізген «Каз медео гранд» құрылыс компаниясының сараптамадан өтпегені және жобалық-сметалық құжаты жоқ екені белгілі болды.
Құрылыс салушы сараптаманың оң қорытындысынан басқа Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының рұқсатын алып, осы мемлекеттік органға жұмыстардың басталғаны туралы хабарлауы керек. Сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау туралы шарт жасасуы міндетті. Осыдан кейін ғана құрылысты бастауға болатын еді. Алайда бұл компания жоғарыда айтылғандардың ешқайсысын жасамаған.
Заң талаптарын бұзған мердігер мекемеге айыппұл салынып, құрылыс алаңына уақытша қоршау орнатылды.