​Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жазаланды

0
1 218

Олар өздерінің қылмысын жасырып, кінәні басқаларға мойындатқан.


​Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жазаланды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша күдікті деп танылған азаматтар сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылдың басынан бері Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен Шымкент қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру және оған Департаменттің лауазымды тұлғаларымен қамқоршылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген болатын. Осы орайда қала аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғындары Г.Қоңырбеков, А.Бегалиева және Л.Рахматуллина күдікті ретінде танылды.

Шымкент қаласы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасына қойылған тапсырмалардың бірі, Департаменттің жеке құрам қатарында сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау болып табылатын. Тапсырмаға сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2015-2016 жылдары аталған тұлғалар өздерінің қылмысын жасыру үшін ақшаға сатып ала отырып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша кінәні азаматтар В.Гейгер және Р.Игамбердиевке мойындатқан, яғни Е.Қоңырбеков, А.Бегалиева және Л.Рахматуллинаның орнына соңғылар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталғандығы анықталды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс материалы сотта қаралып, нәтижесінде күдіктілер Е.Қоңырбеков, А.Бегалиева және Л.Рахматуллина кінәлі деп танылып, сотталды.

В.Гейгер мен Р.Игамбердиевке қатысты сот үкімдерінің күші жойылды.

Сонымен қатар, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің аға офицері М.Асқарұлы аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттеріне қамқоршылық жасап, қылмыстық іс материалдары бойынша дәлелдемелерді бұрмалау фактісі бойынша кінәсін мойындап, процестік келісім жасалды. Материалды сотта қарау нәтижесінде осы жылдың 3 қазанында М.Асқарұлына қатысты 3 жылға бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды.