Шымкентте заңсыз ойын бизнесін жоюға бағытталған рейд жұмыстары жүргізілді

0
666

Заңсыз ойын мекемелерге жалпы сомасы 277 800 теңге айыппұл салынды.


Шымкентте заңсыз ойын бизнесін жоюға бағытталған рейд жұмыстары жүргізілді

Шымкент қалалық тергеп-тексеру департаменті Әл-Фараби ауданында орналасқан заңсыз ойын бизнесін жоюға бағытталған рейд жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен бірлесе ойын мекемелерінің рұқсат құжаттарының заңдылығын тексерді.

Жалпы Шымкент қаласы аумағында 2 заңды – «Лотоматик» және «Лото Клуб» ЖШС-ы тіркелген. «Лотоматик»-ке тиесілі 121 мекенжайда 477 лотерея терминалы жұмыс істейді. Ал «Лото Клуб» ойынханасына қарасты 28 лотерея клубы бар.
Ағымдағы жылдың басынан бастап "Стоп-ойын" рейдтік іс-шарасы барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 18 фактісі анықталды. Қалалық Экономикалық тергеу департаменті оларды ҚР ҚК 307-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркесе, оның ішінде 16 іс сотқа жіберілді.
Аталған жұмыстар нәтижесінде заңсыз айналымнан заттай дәлелдемелер ретінде 122 дана жүйелік блок, 116 монитор, 11 моноблок, 8 теледидар, 4 чек сканері, 6 принтер, 21 ойын терминалы тәркіленді. Сондай - ақ заңсыз ойын мекемелерге жалпы сомасы 277 800 теңге айыппұл салынды.