Шымкентте заңсыз салынған құрылыс нысандарын бұзу іс-шаралары басталды

0
896

Бұл нысандар жоспарлау құрылымында құрылыс салу шекарасын бөліп тұратын қызыл сызықты өрескел бұза отырып салынған.


Шымкентте заңсыз салынған құрылыс нысандарын бұзу іс-шаралары басталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының шешімімен «Самал-1» шағын ауданындағы Рысқұлов көшесі бойында заңсыз салынған 8 құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу іс-шаралары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл нысандар жоспарлау құрылымында құрылыс салу шекарасын бөліп тұратын қызыл сызықты өрескел бұза отырып салынған. Нәтижесінде, құрылыстардың меншік иелері бекітілген жобалау құжаттарының талаптарымен көрсетілген сызықтарды сақтамай нысан құрылыстарын жүргізген. Салынған құрылыстарды пайдалану туралы рұқсат құжаттар рәсімделмеген.
Тиісті нормативтерді басшылыққа алмай салынған бұл нысандар, жалпыға бірдей пайдаланылуы тиіс аумақтардың жабылуына әкеп соғып, жол қозғалысын тиімді ұйымдастыруға кедергі келтіруде.
Қала құрылысында бекітілген қағидалар қатаң сақталуы керек. Бұл салада бей-берекет құрылыс жүргізуге болмайды. Жалпыға бірдей пайдаланылатын аумақтарда инженерлік желілер, жол инфрақұрылымына қажетті нысандар орналастырылып, қала көшелерінің құрылымы Бас жоспарға сәйкес қалыптастырылады.