Шымкентте жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

0
650

Оқу жаттығудың сиренасы сағат 11-00 де басталады​.


Шымкентте жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

Шымкентте жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2023 жылы 12 мамыр күні Шымкент қаласында жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді, деп хабарлайды

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқу жаттығудың сиренасы сағат 11-00 де басталады.

“Келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін қала тұрғындарынан оқу жаттығу кезінде барынша сабырлы болуға шақырамыз”, - делінген әкімдік ақпаратында.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментігің мәліметінше, “оқу тексерісі” Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылын, электросиреналарды қосу, теледидар мен радио арналарын автоматты түрде ұстап алу арқылы сейсмикалық жаттығулар өткізу туралы халықты бір уақытта хабардар етеді.
Құрметті қала тұрғындары! Сиреналар естілген кезде үй-жайдан шығып, қауіпсіз ашық аймаққа өту керек. Білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде, адамдар көп жиналатын объектілерде адамдарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтаумен сейсмикалық жаттығулар өтеді”, - делінген жазбада.