Шымкентте жаңа 15 бағдаршам орнатылды

0
637

293 бағдаршам нысанын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.


Шымкентте жаңа 15 бағдаршам орнатылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы аумағында жол қауіпсіздігін қамту мақсатында жыл сайын жаңа бағдаршамдар орнатылуда. Биыл қажеттілігі бар аймақтарға 15 бағдаршам қойылды.

Жалпы қалада 293 бағдаршам нысанын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Сондай-ақ қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылып, 4 000 қауіпсіздік белгісі қойылған болатын.
Сонымен қатар, осы жылы қаланың орталық көшелеріне заманауи үлгідегі жаңа 150 аялдама павильонын орнату жолға қойылған. Осыған дейін белгіленген орындарға 140 шыны типтегі аялдама орнатылса, қалғанын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.