Шымкентте жаңа автобус бағыттары іске қосылды

0
182

Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.


Шымкентте жаңа автобус бағыттары іске қосылды

Шымкент қаласында №104, №60 және №75 автобус бағыттары іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов тікелей эфир барысында мәлімдеді.
Қала тұрғындары тарапынан көп көтерілетін сауалдардың бірі қоғамдық көлік мәселесі екенін айтқан сала жетекшісі тұрғындар сұранысы бойынша жыл басынан бері 15 маршрут жаңадан қосылып, 30-ға жуық автобустың бағытына өзгерістер енгізілгенін атап өтті.
Эфир барысында Ержан Жолдасов бүгін жұмысы ұйымдастырылған 3 автобустың жүрі бағыттарына тоқталып өтті.
Оның айтуынша, №104 бағыт «Қайтпас-1 шағын ауданы - Оңтүстік шағын аудан» аралығына дейін қатынайтын болады. Онда қызмет көрсететін автобус саны 8, демалыс күндері 6 автобус. Аралық интервалы 18 мин, демалыс күндері - 24 минутты құрайды. Ал, №60 бағыт Қазғұрт шағын ауданынан Темір жол вокзалы аялдамасына дейін келеді. Автобустардың қатынау аралығы 15 минут.
Іске қосылған үшінші бағыт №75. Бұл Тұран шағын ауданынан 11-ші шағын ауданындағы аялдамасына дейін келеді. Аталмыш маршрут бойынша автобус саны 6, демалыс күндері 4. Аралық интервалы 20-25 минутты құрайды.
Сонымен қатар, бүгін №9, 21, 56, 68 бағыттардың қозғалыс сызбасы қайта ұйымдастырылды. Атап айтқанда Шымсити шағынауданына қызмет көрсететін №9 бағыт «Автонұр» базарынан ОҚМУ аралығына дейін ұзартылды. Құрсай ш/а қатынайтын №21 маршрут «Рахима» плаза аялдамасынан «Қажымұқан» стадионына дейін қысқарды. Нұртас ш/а қызмет көрсететін 56 маршрут «Қырғы» базарына дейін созылса, Күншығыс шағын ауданының Пазиков көшесінен қатынайтын №68 маршрут қазіргі уақытта Б.Момышұлы және Түркістан көшесіне түспей, Тәуке хан даңғылымен Бейбітшілік көшесі арқылы Темірлан тас жолына түседі.