Шымкентте жаңа аялдамалар орнату жұмыстары басталды

0
827

Бүгінде қала ішінде жоспарға сәйкес 14 аялдама павильоны қойылды.


Шымкентте жаңа аялдамалар орнату жұмыстары басталды

Шымкентте биыл қалаішілік орталық көшелерге 178 аялдама павильонын орнату жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Барлық аялдамалар Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады.

Бүгінде қала ішінде жоспарға сәйкес 14 аялдама павильоны қойылды. Аялдама орнату жұмыстары шілде айында басталды. Аталмыш жұмыстарды орындау «Strong Servise» ЖШС және «Aicom» ЖШС-на тапсырылған.
Жалпы қала бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336-не аялдама павильоны орнатылған болса, қалғанында аялдама белгілері орнатылған. 2021 жылдың қорытындысымен жаңа үлгідегі аялдама саны 670. Қала бойынша жалпы үлесі 35,5% құрайды.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы бойынша 2021 жылы ауқымды жоба жүзеге асты. Өткен жылдың қорытындысымен Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы айналма жол салынып, пайдалануға берілді. 2022 жылдың жоспарына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы атқарылуда. Одан өзге, биыл аудандағы ішкі орамдық 3 көшеге асфальт төселеді. Олар: Ақжайық шағын ауданы, Ақжирен көшесі, Самал-2 шағын ауданы, Жабай ата көшесі және Жандосов өткелі. 2023 жылы Айқап-Түркістан шағын ауданы Беткей көшесі, Ақжайық шағын ауданы, Шағатай, Балтамыр, Тоқпан көшелері, Самал-1 шағын ауданы, Тайманов, Мейірбеков көшелерін асфальттауға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді. 2024 жылы Ақжайық шағын ауданы, Сәйгүлік, Самғау, Майлыкент, Тайқоңыр көшелері және Самал-2 шағын ауданы, Ермекбаев, Шәкіров, Сейітов көшелеріне асфальт төселеді. Жоғарыда аталған көшелерде асфальт төсеу жұмысы жүзеге асырылса, аудандағы сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді.
Сондай-ақ, қалада биыл 50 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылды.