Шымкентте жанармай құю бекетіне шабуыл жасалды

0
953

Бетіне маска киген күдіктілер құрықталды.


Шымкентте жанармай құю бекетіне шабуыл жасалды

Шымкенттегі жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі адамды ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

31 наурызға қараған түні бетперде киген екі күдікті жанармай құю бекетіне кіріп, пышақпен қорқытқан және операторды орындыққа байлап тастаған.

Күдіктілер 90 мың теңгені алып, оқиға орынан қашып кеткен.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Абай аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Айғақты зат - пышақ пен лента тәркіленді.

Іс жүзінде, ҚР ҚК 192-бабы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында ұсталғандардың Еңбекші ауданы аумағында орын алған ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды.